Ссылки доступа

Түркіменстан президенті ішкі істер министріне тағы сөгіс жариялады


Түркіменстанның ақпарат порталының хабарлауынша, ел президенті 10 қаңтарда өткен қауіпсіздік кеңесінің отырысында Түркіменстанның ішкі істер министрі Искандер Муликовқа сөгіс жариялап, соңғы ескерту берген.

Азаттықтың түркімен қызметінің дереккөзіне қарағанда, 43 жастағы ішкі істер министр Искандер Муликов өткен жылы денсаулығының нашарлап кетуіне байланысты президентке бірнеше рет отставкаға кетуге арыз жазған. Бірақ мемлекет басшысы қол қоймаған.

Былтыр, мамыр айында Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов бұрынғы бас прокурор Аманмырат Халлыевты жария түрде қызметінен алған. Сол кезде Муликов қатаң сөгіс алған. Халлыевты қызметінен алған соң, ондаған күш құрылымның шенеуніктерімен бірге қамауға алған. Қазіргі күні Халлыевтың тағдыры белгісіз.

Искандер Муликов ішкі істер министрін 2009 жылдан бері басқарып келеді.

XS
SM
MD
LG