Ссылки доступа

Душанбе тұрғындары электр қуаты үшін ақының еселеніп келгеніне наразы


Душанбе тұрғындары өткен жылдың желтоқсан айы үшін электр қуаты ақысын әдеттегіден көп мөлшерде алған.

Бұның себебін білмек болған тұрғындар қалалық қуатпен қамтамасыз ету желісіне хабарласқан. Мекемедегілер бұған дейін айларда дұрыс есептелмегенін айтып, қарызды толық өтеу керектігін ескерткен.

Әлеуметтік желілерде электр қуаты есебіне қатысты наразылық білдіргендер көбейді. Кейбіреулері есептеу құралын тексеруді талап етті.

Дегенмен қуатпен қамтамасыз ету мекемесіндегілер тұрғындар наразылығына негіз жоқ деп отыр. Шохмансұр ауданы бойынша бақылаушы Шамсулло Гүлмуродова есептің көбеюі қазан айында тарифтің 15 пайызға қымбаттауымен, соңғы екі айда электр қуатына сұраныстың көбеюімен түсіндірді.

Тәжікстанда электр қуаты бағасының жылына екі мәрте 20 пайызға қымбаттату туралы кеңесті Дүниежүзілік банк берген. Банк пен тәжік үкіметінің елдегі энергетика саласын реттеуге арналған келісімі 2006 жылы қабылданған.

XS
SM
MD
LG