Оның сөздерінше, жергілікті БАҚ-та Жалилов парламент депутаттары Аида Касымалиева мен Эльвира Сурабалдиева және құқық қорғаушылар Бүбүсара Рысқұлова мен Азиза Абдірасулованы сотқа бермекші деген ақпарат жарияланды.
«Маған әлі менің қорғауымдағы азаматқа қарсы арыздың қорытындысы жөнінде мәлімет келмеді. Біз осының қорытындысы бойынша шешім қабылдаймыз», - деді Токталиев.
Еске сала кетейік, алдын интернетте бұрынғы муфти Чубак Жалиловтың екінші әйел алуды құптайтын видеожазбасы тарап кеткен.
Осыдан кейін жоғарыда аты аталған депутаттар оған қарсы зайырлы мемлекетке қарсы әрекет етіп отыр деп, құқық қорғау органдарына шағымданған.