Ссылки доступа

Ауған жігіттері қалыңдықты Тәжікстаннан телефон арқылы табады


Ауғанстанның Тәжікстанмен шекаралас аудандарының тұрғындары тәжік сим-карталарының көмегімен қалыңдық іздейді.

Ауғанстанның Құндыз провинциясының 35 жастағы тұрғыны Амонулло Хусайни болашақ қалыңдығымен осылай танысқан.

Хусайни тәжік сим-картасымен түрлі нөмірлерге хабарласып жүріп, құлаққа жағымды қыз дауысын естіген. "Әуелі қалыңдығым мені Тәжікстаннан хабарласып жүр деп ойлап қалды. Кейіт Viber арқылы сөйлестік. Бірнеше айдан соң үйлендік", - дейді күйеу жігіт.

Оның айтуынша, Ауғанстанда үйлену қымбатқа түседі. "Менің ауылдастарым үйлену тойына 10-15 мың доллар жаратады. Бірақ мен қалыңдығыма 5 мың долларға үй сатып алдым, сөйтіп біз некелестік".

Ресми мәлімет бойынша, 2016 жылы Ауғанстанның 30-дан астам азаматы тәжік қыздарына үйленген, солардың онға жуығы қалыңдықтарын телефон арқылы тапқан.

XS
SM
MD
LG