Ссылки доступа

Ресейде мектепке шабуылдаған екі жасөспірім ұсталды


Пермь қаласының соты мектепке шабуылдаған екі жасөспірімді екі айға қамау туралы шешім шығарды. Сот отырысы күдіктілер жатқан ауруханада өтті, деп хабарлады "Новая газета".

Пермьдегі №127 мектепте шабуыл 15 қаңтарда таңертең жасалған. Мектеп оқушылары мен бұрынғы оқушы пышақ қолданған. Ақпарат құралдарының мәліметіне қарағанда, шабуылды бастаған 16 жастағы бозбала психиатриялық диспансердің тіркеуінде тұрған.

Шабуылдан 15 адам зардап шекті, солардың ішінде төртінші сынып оқушысы мен ұстаз Наталья Шагулина бар. Олар түрлі пышақ жарақаттарымен ауруханаға түсті. Тағы бір нұсқасына қарағанда, жасөспірімдер мұғалімге шабуылдаған болуы мүмкін.

Қылмыстық іс қозғалды.

XS
SM
MD
LG