Биресми кездесуде ілгерілеу болды ма, жоқ па белгісіз. Reuters агенттігінің хабарлауынша, Исламабадтағы кездесуден кейін, Түркияда да тәлібтер мен Хизб-и-Ислами тобы арасында құпия келіссөздер болған. Соңғысы бұрын тәлібтер құрамында болған. Бірақ 2017 жылы қару-жарақты тастап, Ауғанстан үкіметі жағына өткен.
Ауғанстан президенті Ашраф Ғанидың баспасөз хатшысы Исламабадтағы келіссөз жөнінде хабары жоқ екенін айтты. Тәліб өкілдері де, ресми түрде жауап беруден бас тартты. Екі тарап та дүйсенбі күні Түркияда келіссөзге қатысқандарын теріске шығарды. Алайда тәлібтер құрамындағы жоғары лауазымды екі беделді тұлға жоғарғы лидер Хайбатулла Ахундзаданың Исламабадтағы кездесуге келісім бергенін растады. Ахундзада қазір Пәкістанда тұрады. Тәлібтер өкілі Забихулла Муджахид болса, Түркиядағы кездесуде қозғалыстың заңды өкілдері болған жоқ дейді.