Ссылки доступа

Өзбекстанда заңсыз алтын өндірген ондаған адамды тас басып қалды


16 қаңтарда Самарқан облысының Пахтачы ауданында бұрынғы "Каракутан" шахтасында заңсыз алтын өндірген ондаған адамды тас басып қалды.

Хабарларға қарағанда, тас астында қалған 34 жастағы тұрғын қаза тапты. Бұл ақпаратты Самарқан облысының құқыққорғау органы қызметкері растады.

"Шахтада елуге жуық адам болды дегенді естідім. Солардың отызға жуығы құтылып шыққан. Қазір жергілікті тұрғындар құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр. Милицияға хабар берілмеген", - деді қызметкер.

Пахтачы ауданы әкімдігінің қызметкері бұл ақпаратты растады.

"Мұндай жағдай бізде жиі болып тұрады. Алтынды заңсыз өндіргендердің туыстары милицияға хабар бермейді, өйткені олардың істеп отырғаны - заңсыз. Естуімше, төрт адам ауруханаға жеткізілген, олардың екеуінің жағдайы ауыр екен", - деді ол.

XS
SM
MD
LG