Ссылки доступа

Назарбаев Солтүстік Кореяны Қазақстаннан үлгі алуға шақырды


18 қаңтарда Нью-Йоркта БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтіп, оны Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ашты.

Қазақстан президенті "егер әлем елдері ядролық қаруға қатысты келіссөз өткізуді қаласа Қазақстан оларға алаң ұсынуға дайын" деді. Қазақстан қаңтар айында БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалық етеді.

"Қазақстан ядролық қарудан бас тарту арқылы тәуелсіздігін нығайтып, әлем алдында бедел жинады. Әлем елдерін бізден үлгі алуға шақырамын. Кезінде Иранды [ядролық қарудан бас тартуға] шақырдық. Енді Солтүстік Кореяны шақырамыз" деді Назарбаев.

Сол отырыста Ресейдің сыртқы істер министрі Серей Лавров Иранның әлем державаларымен ядролық келіссөзден бас тартуын халықаралық қауымдастыққа жолданған "қауіпті дабыл" деп атады.

Бұның алдында Мәскеуде Лавров Тегеранмен келісім бұзылған жағдайда, Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын ядролық қаруын санкцияларға ауыстырмайды деген еді.

XS
SM
MD
LG