Ссылки доступа

РФ Конституциялық соты Навальный шағымын қараудан бас тартты


Алексей Навальный
Алексей Навальный

Ресейдің Конституциялық соты Алексей Навальныйдың президенттік сайлау туралы федералдық заңға шағымын қараудан бас тартты. Бұл туралы 18 қаңтарда сот сайтында хабарланды. Оппозициялық саясаткер істі болғандарды сайлауға қатыстырмайтын заңға шағымданған.

Өтініштің қаралмайтыны туралы шешім бар болғаны үш күннің ішінде шығарылды. Навальныйдың жемқорлыққа қарсы қорының заңгері Иван Ждановтың айтуынша, Ресей президенті Владимир Путиннің аннексияланған Қырымды қосып алу мәселесіне қатысты сауалына ғана бұдан тез жауап берілген еді.

Алексей Навальный Конституциялық сотқа шағымды 16 қаңтарда өткізген.

25 желтоқсанда Орталық сайлау комиссиясы Навальныйды президенттікке үміткер ретінде тіркеуден бас тартты. Оған "Кировлес" ісі бойынша шығарылған сот үкімі түрткі болған. 30 желтоқсанда Ресейдің Жоғарғы соты саяаткердің ОСК шешімін заңсыз деп тану туралы шағымын қанағаттандырмады.

Оппозиция өкілі бұның барлығын заңсыз деп атап, 28 қаңтардан сайлаушылардың ереуілін бастайтынын мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG