Ссылки доступа

Өзбекстанға жүзге жуық ауған студенті оқуға келді

Обложка книги на узбекском языке, изданная в Афганистане
Обложка книги на узбекском языке, изданная в Афганистане

Өзбек билігі 21 қаңтарда Термез қаласының халықаралық әуежайынан 100-ге жуық ауған студентін күтіп алды.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, олар Өзбекстанның жоғары және арнайы орта білім министрлігі жанындағы Ауған азаматтарын оқыту жөніндегі білім орталығында оқиды. Бұл орталықты президент Шавкат Мирзияевтің ұсынысымен ашқан.

Ауған студенттері екі жыл бойы өзбек тілі және әдебиетіне негізделген педагогикалық білім алады.

Бакалаврдың күндізгі бөлімінде 98 студент – 86 ұл және 11 қыз оқиды. Олардың оқу ақысының жарымын Ауғанстан, қалғанын «Узбекистон темир йуллари» компаниясы төлейді.

Еске салайық, Ауған азаматтарын оқыту орталығы 2017 жылы қарашада ашылған. Бұған дейін жергілікті ақпарат құралдары ауған студенттерінің қалашығы салынатынын хабарлаған.

XS
SM
MD
LG