Азатлыктың Ашхабадтағы дереккөзінің хабарлауынша, автотұрақтарда майы аққан автокөліктерді шығара бастады.
Бұның алдында қала билігі қара түсті көліктерді қолдануға тыйым салған еді.
Дереккөз мәліметіне қарағанда, 22 қаңтарда Ашхабад басшылығы жекеменшік автотұрақтарды аралап, олардың қожайындарына ақауы бар көліктерді қабылдамауын ескерткен.
"Майы аққан көліктер анықталған жағдайда автотұраққа айыппұл салынады. Заң бұзушылық қайталанса айыппұл еселеніп, қызметкерлер жұмыстан шығарылады", - деп хабарлады Азатлыктың Ашхабадтағы шолушысы Аманмырат Бугаев.
Автокөлік иелері шарасыз күйген түскен, өйткені қалада автотұрақтардан басқа көлік қоятын жер жоқтың қасы.