Ссылки доступа

Ата-ана тәжік билігінен «ИМ» құрамына кірген ұлын қайтарып беруін сұрайды


18 жастағы Куляб қаласының тұрғыны Шодиджон Боевтың ата-анасы Тәжікстан билігінен Ауғанстаннан қайтарып беруін сұрайды. Бұл жөнінде Куляб прокуроры Хушвакт Машрабзода хабарлаған. Шодиджон «Ислам мемлекеті» террористік ұйымының Ауғанстандағы Нангархар ауданындағы жаттығу алаңында жүр екен.

Хушвакт Машрабзоданың айтуынша, Шодиджон Боевқа қарсы елінде қылмыстық іс қозғалған.

«Боев 2016 жылдан бері Ресей аумағында болған. Ол былтыр Түркия арқылы Иранға кеткен. Желтоқсан айында жалған құжатпен иран-ауған шекарасын кесіп өткен. Қазір Нангархарда жүр», - дейді Куляб прокуроры.

Шодиджонның анасы Фируза Марахимова ұлының 2 желтоқсаннан бері Ауғанстанда екенін айтады. Шодиджон оған дейін Мәскеуде мейрамхананың бірінде жұмыс істеген. «Ол 4 желтоқсанда жалақысын ала салысымен үйге оралуға уәде берді. Бірақ ол бұл уақытта Түркияда не Иранда жүрген екен»,-дейді анасы.

Шодиджон 2 желтоқсанда телефон арқылы анасымен сөйлескен кезде, ИМ командирі оның тәжік төлқұжатын жыртып тастап, Ауғанстанға жіберген. «Соңғы рет Шодиджон Жалалабадтан қоңырау шалды. Ол қазіргі әрекетіне қатты өкінетінін айтып, өзін құтқарып алуын сұрады», - дейді Фируза Марахимова.

Прокурор Хушвакт Машрабзода егер Шодиджон өзінің әрекетіне расында қатты өкінетін болса, оны кешіріп, қылмыстық істің тоқтатылуы мүмкін екенін жеткізді. 2015 жылы Тәжікстанда Қылмыстық кодекске шетелдік әскери топтардан өз еркімен бас тартып, отанына оралған азаматтарға рақымшылық жасау туралы өзгеріс енгізілген.

XS
SM
MD
LG