Облыс прокуроры Хабибулло Вохидовтың 26 қаңтарда өткен баспасөз конференцисында хабарлауынша, тергеу аяқталған соң прокуратура іс туралы мәліметті ақпарат құралдарына таратады.
«Мирсаидовтың кінәлі-кінәсіз екендігін уақыт көрсетеді. Біз міндетті түрде оның нәтижесін сіздерге хабарлаймыз», - деді Вохидов.
Хайрулло Мирсаидов «Азия-Плюс» агентігі және Deutsche Welle (Неміс толқыны) басылымының бұрынғы журналисі, соңғы жылдары ол Тәжікстан КВН командасын басқарған. Оның өткен жылы желтоқсанда ұстады. Бұның алдында ол Фейсбуктегі парақшасында КВНге бөлінген ақшаның бір бөлігін Соғды әкімдігі талап етті деп жазған.
Бірақ істе ұлт наразылығын тудыру бабы не себепті пайда болғаны әзірге белгісіз.
Халықаралық адам құқығын қорғау ұйымдары Мирсадовтың ұсталуына алаңдаушылық білдірді. Өткен аптада Amnesty International Тәжікстан билігінен тәуелсіз журналисті тез арада босатуын талап еткен.