Азатлык радиосы дереккөзінің хабарлауынша, прокуратура қойманың барлық құжаттарын алып кеткен.
Бұның алдында Азатлык эфирінде қойма жұмысына қатысты шаруалардың наразылығы айтылған еді. Шаруалар өз өнімдерін дұрыс есептелмегеніне шағымданған.
"Өнімді қабылдау кезінде қойма жұмысшысы қызылшадағы кір 38 пайыз деп көрсетті, бірақ ондағы балшық 8 пайыздан аспайтыны анықталды", - деді дереккөз.
Шаруалар осы уақытқа дейін заң бұзушылыққа шағымданудан сескеніп келген.