Грузия оппозициясы осыған дейін Мәскеу мен Тбилиси Арменияға жылу жеткізу транзитін "монетизациялауға" уағдаласқанан кейін, үкіметтің ресейлік "Газпром" компаниясынан табиғи газ алуға қауқары жоқ деп мәлімдеген. Шенеуніктер мұны теріске шығарған.
"Ресейлік газды сатып алуға ақша жетпейді деп айтуға болмайды. Грузияға ресейлік газ енді керек емес, себебі Әзербайжан газы жетіліп артылады", – деп мәлімдеді министрдің орынбасары.
"Газмпром" мен Грузия үкіметінің келісіміне сәйкес, Арменияға газ тасымалдағаны үшін жартылай ақшамен, жартылай шикізатпен төленіп келген. Енді биылдан бастап тек ғана ақшалай төленеді.