Өткен аптаның соңында Ташкентте өзбек-қырғыз жиналысында халықаралық автокөлік тасымалы мәселелері қаралған.
2017 жылдың желтоқсан айында Қырғызстан үкіметінің парламенттегі өкілі Аширбек Темирбаев Өзбекстан қалалары мен қырғыздың Жалал-Абад және Кызыл-Кию қалалары арасында автобус қатынасын жасауға келіскенін хабарлаған еді.
Сонымен бірге Темирбаев "Ташкент – Бішкек – Балықшы" пойызы жолға шығатынын айтқан.
"Өзбек пойыздары бұл бағытпен аптасына бір мәрте жүреді", - деді ол.
Еске салайық, 2017 жылы 23 желтоқсанда Air Manas компаниясы аптасына екі мәрте қатынайтын "Бішкек–Ташкент" әуе рейсін шығарған. Сол кезде "Ош–Ташкент" әуе рейсі де ашылған еді.