Ссылки доступа

Тәжікстанда 15 ақпаннан бастап ескі көліктерді импорттауға тыйым салады (видео)


Тәжікстанда 15 ақпаннан бастап 2005 жылға дейін шыққан көліктерді елге әкелуге тыйым салады. Бұл жөнінде үкімет қаулысында айтылған.

Тәжікстанға негізінен жеңіл көліктер Еуропа және Балтық елдерінен импортталады. Тасымалданатын транспорттың дені 90-жылдары және 2000 жылдың басында шыққан. Олардың 80 пайызы Германиядан шыққан Opel маркалы көліктер.

2016 жылдың соңында Тәжікстанда жарты миллионнан астам көлік тіркелген. Олардың 50-60 пайызы ескі. Тәжікстандағы қоршаған ортаны қорғау комитетінің қызметкері Саидусмон Судуров ескі көліктер ауаны ластап, қоршаған ортаға орасан зиян келтіріп жатыр дейді. Сонымен бірге жол апаты да көбейген.

Бұл елде 2017 жылдан бастап жаңа көліктерге баж салығы 50 пайызға қысқарған.

XS
SM
MD
LG