Ссылки доступа

Ташкентте азаматтар мен туристерге көмектесетін "арнайы патруль" жұмысын бастады


Ташкент қаласы ішкі істер бас басқармасы (ІІББ) астанада "арнайы патруль" жұмысын бастады. Олар әуежайда, теміржолда қала қонақтарына ақпараттық көмек көрсетеді.

ІІББ "арнайы патруль" қызметкерлеріне арналған киім үлгілері тігілген. Сонымен бірге оларды арнайы техникамен қамтамасыз еткен. Аталған топ «Ташкент Вокзал», «И.Каримов атындағы халықаралық әуежай» және «Тәуелсіздік алаңында» жұмыс істейді.

Бұл топтың қызметкерлеріне «Транслейтер» дауысты аударма жүйесі мен «Навигатор» электронды карта бағдарламасы енгізілген ұялы телефон берілген. Олар осы бағдарлама арқылы астана қонақтарына қызмет көрсетеді.

Мұнан бөлек Өзбекстанда рейд жүргізетін арнайы патрульді қызмет жұмыс істейді.

XS
SM
MD
LG