"Жаңа комплекс 50 гектар жерді алады. Онда тұрғын үй, бизнес-орталықтар, білім беру және ғылыми-зерттеу орталықтары орналасады. Олардың бәрі «интеллектуалды» технологиялар арқылы жүзеге асады", - деп атап өтеді жергілікті БАҚ.
High Tech City жобасын жүзеге асыру үшін Өзбекстанда және Оңтүстік Кореяда бірлескен жұмыс тобы құрылған.
Ташкентте құны 1,4 млрд доллар болатын High Tech City қаласының құрылысы басталды

Ташкентте High Tech City жоғары технологиялық комплексі құрылысы басталды. Жобаның құны - 1 млрд 400 млн доллар. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, жобаны оңтүстіккореялық POSCO Daewoo корпорациясы әзірлеген.