Меморандумда Республикашылдар партиясы сарапшыларының ФБР Дональд Трамптың сайлауалды штабы мүшесін тыңдауға алған ордер заңсыз деп мәлімдеуіне қарсы пікір айтылған.
Республикашылдар ФБР соттан Дональд Трамптың бұрынғы кеңесшісі Картер Пейдждің телефон әңгімелерін тыңдауға өтініш беріп тұрып, Демократиялық партия Ұлттық комитетінің тапсырысы бойынша сұрап отырғанын айтпады деп біледі. Олар сот бұл жайында хабарсыз болған дейді.
Ал Демократтар меморандумында ФБР-дың өтініші жайында барлық мәліметтер сотқа белгілі болғаны айтылған.
Барлау ісі жөніндегі комитеттің мүшесі, демократтар лидері Эдам Шифф республикашыл әріптестерін арнайы прокурор Роберт Мюллердің Дональд Трамп сайлауалды штабының Ресеймен байланысы болу мүмкіндігін тексеруге кедергі келтірмекші деп айыптады.
Демократтар меморандумын жариялау жөніндегі соңғы шешімді Ақ үй қабылдауы тиіс.