АҚШ-тың Тәжікстандағы елшілігі келіссөз кезінде Тәжікстан мен АҚШ арасындағы ынтымақтастыққа аса мән берілгенін хабарлады.
Душанбеден Бішкекке барар алдында Эншер Озоди радиосына сұхбат беріп, тәжік-ауған шекарасындағы жағдайға тоқталды.
"Біз "Ұлы Хорасан" тобы содырларының Ауғанстанның бірқатар шығыс елді-мекенінде пайда болғанының куәсі болдық. Соңғы уақытта оларды елдің солтүстік-шығысынан да көруге болады. Біз "Ұлы Хорасан" тобынан қауіп-қатер төнбес үшін Орталық Азия және Ауғанстан үкіметімен жұмыс істеуді жалғастырамыз", - деді Эншер.
Ал Тәжікстан ІІМ-нің экс-командирі, "Ислам мемлекеті" террористік тобына қосылған Гулмурод Халимовке қатысты "оның не өлі, не тірі екендігі жөніндегі ақпаратты толық білмейміз" деді.