Ссылки доступа

Саакашвилиді түнгі үйқамақта ұстау мерзімі аяқталды


6 ақпанға қараған түні Грузияның экс-президенті, "Жаңа күштер рухы" қозғалысының лидері Михаила Саакашвилиге қатысты түнгі үйқамақта ұстау және Киевтен шығуға тыйым салу жөніндегі сот шешімінің мерзімі аяқталды.

Мемлекеттік айыптаушы Саакашвилиге қарсы қозғалған қылмыстық іске байланысты оны тәулік бойы үйқамаққа алып, қолына электронды білезік салып қоюды ұсынған.

"Саакашвилиге қатысты бұлтартпау шараларының мерзімі аяқталғаннан кейін, ол бостандыққа шығады. Тек күдікті ретінде тергеу комитеті шақырған кезде барып, сұрақтарына жауап беру керек",- деп түсіндірді саясаткердің адвокаты Руслан Чорнолуцкий.

Адвокаттың пікірінше, Саакашвилиге қатысты сот шешімін ұзартпауының себебі, Украина билігі оны Грузияға экстрадициялау үшін дайындық жұмыстарын жүргізуі мүмкін.

XS
SM
MD
LG