Ссылки доступа

Наманган облысында базардан ет өнімін сатып алған тұрғындар жаппай уланған


Наманган облысы Касансай ауданында жаппау улану орын алды деп хабарлайды Gazeta.uz Өзбекстанның денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

5 ақпанда таңғы сағат 6:00 мен күндізгі 12:00-ге дейін 36 адам Касансай ауданы ауруханасының инфекция бөліміне түскен.

Науқастардың бәрі калла-поча ет өнімі (қайнаған қойдың басы мен аяқтары) мен әсіпті жегеннен кейін, өздерін әлсіз сезінгендерін айтады. Олардың бәрі ет өнімін орталық базардан сатып алғанын айтқан.

Касансай ауданындағы эпидемиялық жағдайды зерттеу үшін денсаулық сақтау министрлігі өкілдері келген.

Қазіргі кезде науқастардың жағдайы бірқалыпты.

XS
SM
MD
LG