Ссылки доступа

Британ мүсіншісін Каримов ескерткішін жасаудан бас тартуға шақырды


Известный британский скульптор Пол Дэй напротив своей скульптуры «Место встречи».

Өзбек саяси эмигранттар британ мүсіншісі Пол Дэйге ашық хат жолдап, оны Өзбекстанның алғашқы президенті Ислам Каримов ескерткішін дайындаудан бас тартуға шақырды.

Саяси эмигранттар мүсіншіге жазған хатын "Пол Дэй бұрынғы өзбек диктаторының мүсінін тұрғызатын болса, Каримов құрбандарының қаны мүсінші абыройына дақ боп түседі" деп атап, оны ​OpenDemocracy сайты мен «Орталық Азиядағы адам құқықтары» Қауымдастығы сайтына жариялады.

Ашық хат авторлары Ислам Каримовты 2005 жылы Әндіжандағы бейбіт шеруге шыққандарды қырды, құл еңбегін пайдаланды, балаларға мақта тергізді, саяси бақтасталастарын қудалады деп айыптады. Олар Пол Дэйдің мүсін үшін алатын ақшасын "лас" деп атады.

Еске салайық, өткен жылы мамырда Ислам Каримовтың кенже қызы Лола Каримова-Тилляева Мәскеу орталығындағы саябаққа орнатылатын ескерткішті британ мүсіншісі Пол Дэй дайындайды деп хабарлаған. Бұл саябаққа Каримов есімі 2016 жылы қарашада берілген. Сол кезде саябақ орналасқан аудан депутаттары Өзбекстанның алғашқы президентіне ескерткіш орнатылуына қарсы шыққан.

XS
SM
MD
LG