Ссылки доступа

Бішкек мэрі: Мен күнде телевизорда сөйлейтін диктор емеспін


Албек Ибраимов
Албек Ибраимов

Бішкек мэрі Албек Ибраимов жергілікті депутаттардың жылу электр орталығындағы апаттан соң халық алдына шықпады деп сынаған жергілікті депутаттарға жауап берді.

Ибраимов "күнде телевизорда сөйлейтін диктор емеспін" деп мәлімдеді. Қала басшысының мәдіметіне қарағанда, апат салдарынан Бішкек тұрғындарының 85 пайызы тұратын 2162 тұрғын үйге жылу жетпеген.

"208 учаскіде электр қуаты сөніп қалған, 108-іне жарық берілді. Ескі үйлерде сымдар жанып кеткен. Ала-Арча ернеуінен асты, Ош базары өртенді. Барлық жерде әкімдік қызметкерлері жүрді. Депутаттарға хатпен жіберілген жолдаулардың барлығын көрсетіңіз. Бұның барлығын саясиландырудың қажеті жоқ. Мен әрбір жағдайға байланысты жауап беруге әзірмін", - деп мәлімдеді мэр.

Бірқатар депутаттар жергілікті билік органдары не істегенінен халық хабарсыз деп мәлімдеген.

26 қаңтарда Бішкек жылу электр орталығында апат болып, тұрғын үйлер мен мемлекеттік мекемелер жылусыз қалды.

XS
SM
MD
LG