Ссылки доступа

"Париж терроршысы" Брюссельдегі сотқа қатысудан бас тартты


Салах Абдеслам в зале суда в Брюсселе 5 февраля 2018. Рисунок судебного художника

2015 жылы қарашада Парижде болған терактіден кейін тірі қалған жалғыз күдікті Салах Абдеслам Брюссельде өтетін өз сотына қатысудан бас тартты.

Сот тыңдаулары 5 ақпанда басталды. Абдеслам алғашқы отырысқа қатысқан. Ол "сот мұсылмандарға қырын қарайды" деп мәлімдеп, судья сұрақтарына жауап беруден бас тартты.

Соттың келесі отырысы 8 ақпанда өтеді. Сотталушы оған қатысудан бас тартты. Сот өкілі Абдесламның сотқа қатыспауға құқығы барын айтты.

Бельгия билігі Абдесламды 2016 жылы 15 наурызда оны ұстау кезінде полиция қызметкерлері өміріне қауіп төндірді деп айыптады. Прокурор Абдесламға 20 жыл сұрады.

Бұған қоса Бельгия Абдесламды 2016 жылы 22 наурызда Завентем әуежайындағы терактіні дайындауға қатысқан деп айыптады. Бірақ судья қосымша айыптаулардың бұл процесте қаралмайтынын айтты.

Салах Абдеслам – 2015 жылы 13 қарашада бірнеше теракт жасаған жихадшы топтан аман қалған жалғыз күдікті. Төрт ай бойы ол Бельгияда тығылып жүрген. 2016 жылы 15 наурызда ол Брюссель түбіндегі Моленбек қаласында ұсталып, Францияға экстрадицияланды.

XS
SM
MD
LG