Ссылки доступа

Түркіменстанда сүт өнімдері 100 пайызға қымбаттады


Түркіменстанда бензиннің артынан сүт өнімдері де 100 пайызға қымбаттады. Азаттықтың түркімен қызметінің Ашхабадтағы дереккөзіне қарағанда, бағаның өскенін кез келген сауда нүктелерінен байқауға болады.

"Аяз баба" айранының 0,5 литрлік бөтелкесі осыған дейін 1.3 манат болса, қазір 3.5 манат тұрады. Ал "Гонезлик" деп аталатын айран 1.2 манат болған, қазір бағасы - 3 манат. Қаймақ та қымбаттаған. 250 мл қаймақ қазір 4.5-5 манат тұрады", - деді Ашхабадтық шолушы Аманмырат Бугаев.

Оның пікірінше, сүт өнімдерінің қымбаттауына бензин бағасының өсуі себеп болған. Өйткені, сүт, айранды көбінде ауылды жерлерден қалаға әкеліп сатады. Жол пұл өскен соң, сатушылар өнімдерінің де бағасын өсірген.

Сүтпен бірге ұн, ет бағасы 70 пайызға өскен.

1 ақпаннан бастап көлік жанар майының литрі 1 манаттан 1.5 манатқа қымбаттаған.

Қара базарда шетел валютасының көлеңкелі бағамы да өскені байқалады. Соңғы мәліметке қарағанда, 1 АҚШ долларының бағамы 13 манат. Ал түркімен манатының мемлекеттік бағамы 2015 жылдан бері 1 АҚШ доллары 3.5 манат болып тұр.

XS
SM
MD
LG