Ссылки доступа

Вашингтондағы Ресей елшілігі алдындағы алаңға Борис Немцов есімі берілді


Вашингтонда Ресей елшілігі алдындағы алаңға атып өлтірілген оппозициялық саясаткер Борис Немцовтың есімі берілді. Тиісті заң жобасына қол қойылып, күшіне енді деп хабарлайды Немцов атындағы қордың жетекшісі кіші Владимир Кара-Мурза.

Немцов қоры жетекшісінің сөздеріне қарағанда, алаңның ресми ашылуы 27 ақпанда өтеді. Үш жыл бұрын дәл осы күні Мәскеуде Қызыл алаң жанындағы Большой Москворецкий көпірінің үстінде Борис Немцовты атып өлтірген.

Вашингтонның қалалық кеңесі қаңтар айының басында алаңға Немцов есімін беру жөніндегі заң жобасын бір ауыздан қолдап дауыс берген.

Бүгінде Мәскеуде оппозиционерді атып өлтірген көпірге оны еске алуға халық гүл шоқтарын, портретін қойып жатады. Бірақ артынша жергілікті коммуналдық қызмет өкілдері тазалап тастайды.

XS
SM
MD
LG