Ссылки доступа

Қазақстанда жас ақын монархия жүйесін орнатуды ұсынады


Қазақстанда жас ақын Балтабек Нұрғалиев бірқатар қазақтілді басылымға сұхбат беріп, "елді тек Назарбаев династиясы басқару керек" деген пікір айтты. Бұл жүйені ұсынған ол жалғыз адам емес.

Бірер күн бұрын қазақстандық жас ақын Балтабек Нұрғалиев Facebook парақшасында Қазақстанға монархиялық жүйе орнату керек деп мәлімдеді. Бірқатар БАҚ-қа түсініктеме берген ол тек монархия ғана Қазақстанды "Мәңгілік ел" болуға кепілді береді деді. Оның ойынша, тақ мұрагері жас кезінен бастап Назарбаев қалыптастырған рухта тәрбиеленіп, елді тұрақсыздықтан, төңкерістен сақтайды.

Нұрғалиев Қазақстанда монархия идеясын ұсынған жалғыз адам емес.

2006 жылы Рахат Әлиев президенттің күйеу баласы болып тұрғанда, "тек монарх ғана қоғамдағы тұрақтылықты ұзақ ғасырлар бойы қамтамасыз ете алады" деген.

Саясаттанушы Досым Сәтпаев бұл бастамалар ұзақ жылдар бойы өзгермейтін биліктегі саяси жүйенің көрінісі деп есептейді.

Құқық қорғаушы Амангелді Шорманбаев болса, Конституцияға сәйкес Қазақстан президенттік басқару жүйесіндегі мемлекет.

2015 жылдың сәуір айында Нұрсұлтан Назарбаев кезекті президент сайлауында 97,7 пайызбен келесі мерзімге сайланды. 77 жастағы Назарбаев Қазақстан билігінде 1989 жылдан бері отыр.

XS
SM
MD
LG