Ссылки доступа

АҚШ-та казино желісінің басшысы жыныстық бопсалау айыбынан кейін қызметінен кетті


АҚШ-та казиноларды басқаратын Wynn Resorts компаниясының негізін қалаушы әрі басшысы Cтив Уинн сейсенбі күні кешкісін өзін жыныстық бопсалады деген айыптаудан соң директорлар кеңесінің төрағасы және атқарушы директор қызметінен кетті.

Уинн мәлімдемесінде өзі негізсіз айыптаулар нысанына айналған кезде, компанияны басқарып тұра алмайтынын айтқан.

Уиннің отставкаға кетуіне осыдан он күн бұрын Wall Street Journal газетінде жарық көрген мақала себепші болған. Онда Лас-Вегаста ең беделді Уиннің ұзақ жылдар бойы казинода жұмыс істейтін әйелдерге өзіне жыныстық қызмет жасауға талап қойып келген делінеді. Газеттің мәліметіне қарағанда, ол тырнақ сәндейтін қызға кеңсесінде жыныстық қатынасқа түсу үшін 7 миллион доллар төлеуіне тура келген.

Уинн болса, өзіне тағылған айыптауларды теріске шығарады. Ал Невада штатының казино жұмысын реттейтін комиссиясы оған қатысты тексерісті бастап кетті. Осы жанжалдан кейін Wynn Resorts акциясының құны бірден түсіп кетті. 76 жастағы миллиардер бір күнде 463 миллион доллар жоғалтты. Ол сонымен бірге Республикашылдар партиясы Ұлттық комитетінің қаржы төрағалығы қызметінен де кетуіне тура келді.

XS
SM
MD
LG