Ссылки доступа

Қырғыз бас прокуратурасы: заң жол инспекциясы өкілдерін видеоға түсіруге тыйым салмайды


Қырғызстанның бас прокуратурасы ІІМ Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі бас басқарманың басшы орынбасары Иманалы Саркуловқа заңды бұзбау жөнінде ескерту жасады. Бұл жөнінде заңның орындалуын бақылау мекемесінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Лауазымды қызметкерлерге заңнан аттап сөйлеуге жол берілмейді. Қырғызстанның заңдарында жол инспекторларының әрекетін суретке немесе видеоға түсіруге тыйым салынбаған», - делінген хабарламада.

Осының алдында Иманалы Саркулов инспекторларды олардың рұқсатсынсыз суретке не видеоға түсірген азаматтарды сотқа беретінін мәлімдеген.

Safari қозғалысының белсенділері Саркуловтың сөздері заңға қайшы келеді деп Бас прокуратураға шағымданған.

Былтыр желтоқсан айында премьер-министр Сапар Исаков Safari мүшелерін сынға алған. Оған белсенділердің жол инспекторлармен сөз қағыстырған видео жазбасы себеп болған.

Safari қозғалысының мүшелері жол инспекторларының заңды белден басқан әрекеттерін видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялайды.

XS
SM
MD
LG