Ссылки доступа

Иноятов кеткен соң ҰҚҚ арнайы ішкі әскерінен айрылды (видео)


Офицеры одного из элитных вооруженных подразделений СНБ в ходе спецрейда, архивное фото.
Офицеры одного из элитных вооруженных подразделений СНБ в ходе спецрейда, архивное фото.

2005 жылғы Әндіжан қанды оқиғасынан кейін Өзбекстан ішкі істер министрлігінен Ұлттық қауіпсіздік қызметіне өткен Арнайы ішкі әскер қайтадан министрлікке қарайтын болды.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев 31 қаңтарда "Ұлттық қауіпсіздік қызметін заман талабына сай қайта құрылымдау қажеттілігі туралы" жарлық шығарған соң реформа басталған.

Қызметтен қандай бөлімдер жойылып, қайсысы Қорғаныс министрлігі мен ІІМ қарамағына көшірілетіні туралы ресми ақпарат жоқ. Озодлик радиосы дереккөзінің айтуынша, қауіпсіздік қызметінен ішкі істер министрлігіне көшірілетін арнайы бөлім қарулы тірек құзыреті бар жүйеге жатады. Бұл бөлімде ең үздік офицерлер жұмыс істейді.

"Бұл бөлімдер ІІМ бұрынғы басшысы Зокиржон Алматовтың бастамасымен құрылды. Онда ең мықты дайындықтан өткендер қызмет етеді. Әндіжан оқиғасынан соң Каримов ішкі істер министрлігіне сенуден қалды, сол кезде Иноятов бөлімдерді өзіне қаратып алған", - деді Озодлик радиосына Ташкенттегі дереккөз.

Өзбекстан Ұлттық қауіпсіздік қызметінің төрағасы, генерал-полковник Рустам Иноятов, 23 жыл басшылықтан соң, 30 қаңтарда отставкаға кетіп, президенттің саяси-құқықтық мәселелер жөніндегі мемлекеттік кеңесшісі болып тағайындалды. Бұнымен қоса ол Сенаттың дербес құқыққа ие мүшесі атанды.

XS
SM
MD
LG