Ссылки доступа

Назарбаев Жээнбековпен әріптестік мәселелерін талқылады


Нурсултан Назарбаев и Сооронбай Жээнбеков во время визита Назарбаева в Кыргызскую Республику. 14 апреля 2017 года

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты жариялады.

Ақорданың ресми сайтында "Нұрсұлтан Назарбаев пен Сооронбай Жээнбеков әңгімелесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен келешегін, сондай-ақ екі елдің Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы өзара іс-қимылын талқылады. Мемлекеттер басшылары күн тәртібіндегі өңірлік және халықаралық өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты. Сондай-ақ, тараптар алдағы кездесулер кестесін қарастырды" делінген.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков бұған дейін Астанада желтоқсанның соңында кездескен. Ол кездесуде бірлескен мәлімдемеге және қазақ-қырғыз шекарасын демаркациялау туралы келісімге қол қойылған еді.

Президенттер сонымен қатар екі ел үкіметтері арасындағы қазақ-қырғыз шекарасындағы режим туралы да келісімге қол қойды. Сооронбай Жээнбеков 25 желтоқсанда Астанаға ресми сапармен келген.

XS
SM
MD
LG