Ссылки доступа

Түркіменстанда бюджет қызметкерлеріне электр үнемдейтін шамдарды мәжбүрлеп өткізді


Энергосберегающие лампы (Иллюстративное фото)
Энергосберегающие лампы (Иллюстративное фото)

Түркіменстанның Дашоғыз облысында мемлекеттік мекеме қызметкерлерін электр үнемдейтін отандық лампалар алуға міндеттеді.

Дашоғыздағы дереккөздің мәліметіне қарағанда, бюджет қызметкерлерін адам басына орташа есеппен 5-10 дана шамды айлық есебінен берілетінін ескерткен. Билік бұны электр қуатын үнемдеу шарасы ретінде түсіндірген.

Бұның алдында электрмен қамтамасыз ету мәселесіне ел президенті назар аударған. Гурбангулы Бердымұхамедов құрылыс жөніндегі вице-премьер Дедебай Амангелдиевке қатаң ескерту жасап, елдегі барлық электр станцияларын тексеруді, олқылықтарды аз уақытта реттеуді тапсырды.

Азатлык дереккөзінің хабарлауынша, электр қуатын үнемдейтін шам орташа есеппен 13-25 манат ($4-$7,30) тұрады.

XS
SM
MD
LG