Ссылки доступа

Тәжікстан парламенті президент сайлауы туралы заңға түзетулерді мақұлдады (видео)


Тәжікстан парламентінің төменгі палатасы сәрсенбі күні "Президенттік сайлау туралы" заңға түзетулерді мақұлдады. Құжат президенттік сайлауға үміткерлердің жас шектеуін 35-тен 30 жасқа қысқартуды қарастырады.

Заңдарға түзетулер бойынша, қазіргі мемлекет басшысы, Ұлт лидері Эмомали Рахмон президенттікке шектеусіз мәрте түсе алады. Бұған қоса, ел президенті мен парламент депутаты қызметтеріне 30 жасқа толған Тәжікстан азаматы сайлана алады.

2016 жылы 22 мамырда Тәжікстанда Конституцияға түзетулер мен өзгертулер жөнінде референдум өтті. Қабылданған құжат Эмомали Рахмонға президенттігін шексіз мәрте ұзартуға мүмкіндік берсе, оның 31 жастағы ұлы Рустами Эмомали президенттікке үміткер бола алады.

Тәжікстанда президенттік сайлау 2020 жылы өтеді.

XS
SM
MD
LG