Ссылки доступа

Қырғыз президенті бас прокуратураның жемқорлықпен күресте жұмысын сынға алды


«Бас прокуратура жемқорлықпен күресте ұлттық үйлестіруші, бірақ міндетін дұрыс атқарып отырған жоқ», - деп мәлімдеді Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков Қауіпсіздік кеңестің отырысында.

«Жемқорлықтың алдын алу мәселесінде өзара іс-қимыл жоқ. Мұнда мемлекеттік мүдде емес, жеке мекемеаралық мүдде басым тұрады. Заңсыз тексерулер көп жүргізіледі. Маған бақылаушы органдардың қанша мәрте тексеру жүргізгендері жайында мемлекеттік органдар және айыл окмоту тарабынан өте көп шағым түсіп жатыр», - деді президент.

Қырғызстан президенті 2016 жылы прокуратура 8877 рет тексеру жүргізіп, оның тек 8 пайызына қылмыстық іс қозғалғаны жөнінде мәліметтер келтірді. «50 пайыз іс ғана сотқа берілген. 1,6 пайыз тексеру ісі бойынша айыптау үкімі шыққан. Тек 8 оқиғаға байланысты кінәлілер жауапқа тартылған», - деп ашуланады Жээнбеков.

«Ала-Арча» мемлекеттік резиденциясында президент Сооронбай Жээнбековтің төрағалық етуімен өтіп жатқан Қауіпсіздік кеңестің отырысында жемқорлықпен күрес мәселесі қаралып жатыр.

XS
SM
MD
LG