Ссылки доступа

ИМ-дегі тәжік содырының әйелі Бағдад түрмесінен хат жолдаған (видео)


Халықаралық Қызыл Крест қызметкерлері тағы бір тәжік отбасына үміт сыйлады. Олар Душанбе тұрғыны Сабзагүл Камоловаға Бағдад түрмесінде отырған қызы Зухраның жолдаған хатын жеткізген.

«Зухра бес немесе алты айға жүкті екенін жеткізді... Бұл біздің соңғы телефонмен сөйлесуіміз болатын. Жеті ай бойында қызым мен немерелерімнің тағдырынан хабарсыз болдым», - дейді Сабзагүл Камолова.

Зухро Ходжаева балаларымен бірге 2014 жылы Иракка кеткен. "Сол жақтан күйеуі Суннат Шокиров телефон соғып, Түркиядан жақсы жұмыс тапқанын айтып, отбасын шақырған. Бірақ күйеуі "Ислам мемлекеті" жағында соғысып жүрген екен", - дейді Сабзагүл.

Иракта Сабзагүл Камолованың жалғыз ұлы Баходур Ходжаев қаза тапқан. Тәжікстан билігі оның ұлына, күйеу баласы және қызына қарсы қылмыстық іс қозғаған. Олар шетелде террористік топтың құрамында соғысып жүр деп айыпталады.

Тәжікстанның сыртқы істер министрлігі Ирактағы әйелдер мен балаларды елге әкелуге ниетті. Бірақ ИМ содырларының отбасын елге әкелу үшін ұзақ уақыт қажет етеді. Себебі көбінің құжаттары жойылып кеткен.

Жалпы Иракта қанша тәжік әйелі мен балалар жүргені жөнінде нақты мәлімет жоқ. Былтыр қыркүйек айында Босқындар жөніндегі Норвегия кеңесі (The Norwegian Refugee Council (NRC) Ирактағы Мосул лагерінде Тәжікстаннан 30 отбасы бар деп хабарлаған.

XS
SM
MD
LG