Ссылки доступа

Өзбекстан президенті Мирзияев Ұлттық қауіпсіздік қызметіне шүйлікті


Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев Ұлттық қауіпсіздік қызметін бірден сынға алып, ондағы бірқатар басшыларға айып таққан. Бұл жөнінде ол 19 қаңтарда Сұрхандария облысына барған сапары кезінде ауыл белсенділерімен кездесу кезінде айтқан.

Бірақ Өзбекстан президентінің сол кездегі мәлімдемесі жергілікті ақпарат құралдарында жарияланбады.

Жиналыста жазылған аудиотаспада Шавкат Мирзияев Ұлттық қауіпсіздік қызметінің жұмысын қатаң сынға алып, әсіресе Сұрхандария облысында арнайы қызметтің мүлдем жұмыс істемейтінін айтқан.

Мирзияев сөзінде Ұлттық қауіпсіздік қызметі төрағасының бұрынғы орынбасары Шухрат Гулямовты "арсыз" деп, "жемқорлықтың үстінде отыр" деп айыптаған.

53 жастағы Шухрат Гулямов өзінің мансабын Сұрхандария облысында бастаған және президент сынынан кейін, ресми түрде осы облыста қызметін аяқтады.

Ресми емес мәліметтерге қарағанда, бүгінде Шухрат Гулямов тергеу абақтысында отыр.

Қаңтар айының соңында Шавкат Мирзияев Ұлттық қауіпсіздік қызметінің төрағасы Рустам Иноятовты отставкаға жіберген болатын.

XS
SM
MD
LG