Ссылки доступа

Өзбекстан дәріханаларында ауырсынуды басатын дәрілер тапшы


Әндіжан облысында ауырсынуды басатын дәрілерге мұқтаж науқастар дәріханалардан қажетті дәрі-дәрмек таба алмай жатыр. Дәріханаларда мұндай дәрілер бірден жоғалып кеткен.

70 жастағы Әндіжан тұрғыны Хасанбой-ота Паркинсон ауруымен ауырады. Ол дәріханалардан өзіне қажетті «Циклодол» дәрісін бірнеше күннен бері таба алмай отырғанын айтады.

«Дори-Дармон» компаниясының Әндіжан облысындағы өкілі құрамында есірткі бар, ауырсынуды басатын дәрілердің тапшы екенін растады.

"Бізде шын мәнінде аталған препаратты жеткізуде қиындық бар. Өйткені біз осыған дейін ескі курс бағамымен 4200 сумға сатып алып келдік. Енді қазіргі бағам бойынша 8 мың сум тұрады. Арнайы тұтынушылар үшін дәрі бағасы сол күйінде қалды. Бірақ біз «Uzmedimpex» компаниясына бірнеше миллион сумға қарыз болып қалдық. Сол үшін де кейбір дәрілерді өте аз мөлшерде сатып алып жатырмыз", ​– дейді «Дори-Дармон» өкілі.

Былтыр Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев құрамына 80 кәсіпорын бірігетін «Өзфармсаноат» мемлекеттік компанияның қызметін жойды. Денсаулық сақтау министрлігінің «Өзмедэкспорт» мемлекеттік кәсіпорны «Uzmedimpex» фармацевтикалық саланы дамыту агенттігі болып өзгерген. Бүл мекеме сонымен бірге шетелден дәрілерді жеткізумен айналысады.

XS
SM
MD
LG