Ссылки доступа

Собчак CNN эфирінде Ресейдің АҚШ сайлауына араласқаны үшін кешірім сұрады


Ксения Собчак
Ксения Собчак

​​Ресей президенттігінен үміткер Ксения Собчак 8 ақпанда АҚШ-тан Ресейдің америкалық президент сайлауына араласқаны үшін кешірім сұрады.

CNN телеарнасы эфирінде ол ресейлік хакерлер сайлауға шынымен ықпал еткен болса, бұл жағдай үшін өкінетінін айтқан. Собчак Ресейді оқшауламауға шақырып, оған халықаралық процестерге көбірек қатысуға мүмкіндік беруін сұрады.

Ресейде президенттік сайлау 18 наурызда өтеді. Собчак оған "Азаматтық бастама" партиясы атынан қатысады. БАҚ оны президенттік әкімшілікпен байланысы бар деп айыптаған, бірақ тележүргізуші Кремльдің қатысы жоқ деп отыр. Ол өзін "барлығына қарсы" үміткер деп атады.

Собчактан басқа бұл сайлауға Сергей Бабурин ("Российский общенародный союз"), Павел Грудинин (КПРФ), Владимир Жириновский (ЛДПР), Владимир Путин (өзін өзі ұсынушы), Максим Сурайкин ("Коммунисты России"), Борис Титов ("Партия Роста") және Григорий Явлинский ("Яблоко"). Оппозиционер Алексей Навальный Кировлес ісі бойынша сотталғанына байланысты, оны президенттік сайлауға үміткер ретінде тіркемеді.

XS
SM
MD
LG