Ссылки доступа

Тәжік-қырғыз шекарасындағы көпір дауы шешімін тапты


Тәжікстан билігі Қырғызстанмен шекарадағы Гулякандоз каналында көпір тұрғызады. Бұл туралы Бобожонгафур ауданының басшысы Зариф Назири хабарлады.

Оның айтуынша, көпір салу туралы шешім Баткен облысы делегациясымен келіссөздерден соң қабылданған.

8 ақпанда таңертең Баткен облысы Сада Лейлек ауданының тұрғындары оқушылар үшін Гулякандоз каналына контейнерден көпір орнатқан. Бірақ тәжік шекарашылары қолдан жасалған көпірді алып тастауын талап еткен. Олар Сай елді мекеніндегі көпірді жауып тастаған.

Тәжік шекарашылары келген соң тәжік-қырғыз шекарасында жанжал шықты делінген сыбыстар тарады, дейді Зариф Назири. Шын мәнінде ешқандай жанжал болған жоқ, шекарадағы жағдай бірқалыпты, деп мәлімдеді аудан басшысы.

Зариф Назиридің хабарлауынша, тәжік тарапы да қырғыздардың Сада ауылындағы балалар мектепке бару үшін көпір тұрғызатын болды. Оны екі елдің тұрғындары бірдей пайдалана алады.

XS
SM
MD
LG