Ссылки доступа

«Ташкент-Балыкчы» теміржол рейсі 22 наурызда іске қосылады


Ташкент-Балыкчы-Ташкент бағытындағы теміржол рейсі 22 наурыздан бастап қайта жүре бастайды. Осылай деп «Қырғызтеміржолы» ұлттық компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.

Пойыз аптасына бір рет жүреді. Бейсенбі күні Ташкенттен шықса, сенбіде Балыкчыға барып, сол күні кері Өзбекстан астанасына қарай бағыт алады.

Өзбекстан мен Қырғызстан Ташкент пен Балыкчы арасында теміржол рейсін жүзеге асыру жөніндегі келісімге 2016 жылы қол қойған. Бірақ содан бері бір рейс қана жүріп, қайта тоқтап қалған.

Қазіргі кезде Өзбекстаннан Ош және Жалал-Абадқа да пойыз қатынау жөнінде келіссөздер жүріп жатыр.

XS
SM
MD
LG