Ссылки доступа

Тәжікстан Ұлттық банкі: АҚШ долларының бағамы 9 сомони деңгейінде болады


Тәжікстан Ұлттық банкінің төрағасы Жамшед Нұрмахмадзода биыл 1 АҚШ долларының бағамы 9 сомони деңгейінде болады деп мәлімдеді. Оның сөздерінше, сатып алынған 3 тонна алтын ұлттық валютаны сақтауға тиіс.

Бірақ Тәжікстан Ұлттық банкінің (ТҰБ) болжамы бойынша, биыл жылдың аяғында сомонидің ресми курсы 12 пайызға құлауы мүмкін. Қазіргі уақытта бір АҚШ долларының бағамы 8,83 сомони.

Жамшед Нұрмахмадзода елде төлем карталары арқылы есеп айырысуды көбейту үшін, биыл төрт мың жаңа терминал орнатынын мәлімдеді. Оның сөздерінше, қазіргі кезде елде 1500 терминал бар.

Тағы бір жаңалық былтыр халықаралық қаржы нарығында 500 миллион доллар облигация сатылған екен.

Ұлттық банк төрағасы алдағы екі-үш жыл ішінде елде банк жүйесі қалпына келеді деді.

XS
SM
MD
LG