Ссылки доступа

Өзбекстанда журналист Абдуллаевтың ісін қараған арнайы қызмет подполковнигі ұсталды


Uzbekistan: Nodir Turakulov
Uzbekistan: Nodir Turakulov

Өзбекстан Ұлттық қауіпсіздік қызметінің (ҰҚҚ) аға тергеушісі, подполковник Нодирбек Туракулов қызметінен алынды. Ол былтыр қыркүйек айынан бері "Мемлекетке төңкеріс жасамақ болды" деген айыппен тергеу абақтысында отырған журналист Бобомурод Абдуллаевтың ісін қараған.

Сонымен бірге ҰҚҚ-ның тағы бір тергеушісі Александр Веселов те қызметінен алынған. Бұл жөнінде құқық қорғаушы Сурат Икрамовқа арнайы қызметтегі дереккөздері хабарлаған.

Құқық қорғаушының сөздерінше, екі офицерге «тұтқынды заңсыз ұстап, оны қатты азаптаған» деген айыптар тағылған.

Бұл ақпаратты күш құрылымындағы бір-біріне тәуелсіз екі дереккөз растаған.

Оның біреуі журналист Бобомурод Абдуллаевты ұстауға қатысқан арнайы қызметтің барлық қызметкерлері жұмыстан шығарылғанын айтады. Журналисті тікелей тергеген Нодирбек Туракулов қамауға алынған.

Есте болса, биыл 19 қаңтарда Сұрхандария облысына барған сапары кезінде Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев Ұлттық қауіпсіздік қызметін қатаң сынға алған.

XS
SM
MD
LG