Ссылки доступа

Түркіменстанда полиция ұн тасыған жергілікті тұрғындарға айыппұл салып жатыр


Түркіменстанда азық-түлік қымбаттап жатқан кезде, полиция ауылдан қалаға ұн тасыған тұрғындарға айыппұл салып жатыр.

Полиция қызметкерлері Амудария көпірі арқылы өтіп жатқан жеңіл көліктердің бәрін тексеріп, ұн тасығандарға 25 манат көлемінде айыппұл салып жатыр. Бұл жөнінде Азаттықтың түркімен қызметіне Керкичи, Мағданлы, Койтендаг, Достлук және Мукры елді-мекенінің тұрғындары хабарлады.

"Полиция қызметкерлері әрбір ұн қабына ақша төлемесек, сатып алған ұнды тартып аламыз деп қорқытады", - дейді жергілікті тұрғындар.

Түркіменстанда соңғы айда азық-түлік тапшылығы байқалады. Ақпан айының алғашқы күндері ұн мен ет 70 пайызға қымбаттаса, сүт өнімдері 100 пайызға өсті.

Мемлекеттік бағам бойынша, бір АҚШ доллары 3.5 манатты құрайды. Бірақ "қара базарда" доллар бағамы бірнеше есеге жоғары.

XS
SM
MD
LG