Ссылки доступа

CAS 47 ресейлік спортшының шағымын қанағаттандырмады


Спорттық арбитраж соты (CAS) 47 ресейлік спортшының шағымын қанағатандырмады деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

Халықаралық олимпиада комитеті қаңтардың соңында "допинг ережесін сақтамады" деген айыппен Пхенчхан олимпиадасына қатысуы тиіс 47 ресейлікті ойындардан шеттеткен.

ХОК шешімінен кейін Ресей спортшыларының барлығы Cпорттық арбитраж сотына шағымданған. Олардың қатарында Сочи ойындарында медаль алған Антон Шипулин (биатлон), Сергей Устюгов (шаңғы), Виктор Ан (шорт-трек), Павел Клужников (коньки) бар. Сот 7 ақпанда Пхенчханда өткен. Сот отырысына шағымданушы спортшылар қатысқан жоқ. Ал шешім 9 ақпанда шықты.

Осылайша, Пхенчхандағы қысқы олимпиадаға тек 169 ресейлік спортшы қатысады.

XS
SM
MD
LG