Ссылки доступа

Ресейдегі ұшақ апатынан қаза болғандардың туыстарына төрт млн рубльден береді


Ресейде апатқа ұшыраған "Саратовская авиалиния" компаниясына қарасты Ан-148 ұшағындағы жолаушылардың барлығы 2 миллион рубльге сақтандырылған, деп хабарлады Ресейдің еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Максим Топилин.

"Әдеттегідей сақтандыру: 2 миллион рубль және жерлеуге 25 мың қосылады", – деп түсіндірді ол.

Бұған қоса Оренбург облысы бюджетінен қаза болғандардың туыстарына қосымша 1 млн рубльден бөлінеді. Мәскеу облысы губернаторы Андрей Воробьев аймақ бюджетінен 1 миллионнан бөлуге уәде берді.

11 ақпанда күндіз "Саратовская авиалиния" компаниясының ұшағы мәскеулік "Домодедово" әуежайынан ұшып шыққанына бірнеше минуттан соң радарлардан жоғалып кетті. Ұшақ Мәскеу түбіндегі Раменск ауданында құлады.

Ұшақ бортында 71 адам болған. Қаза болғандардың үшеуі - бала.

Дүйсенбі күні Орынбор облысында Азалы күн жарияланды. Шұғыл топ борттың "қара жәшігін" тапқан, екіншісі іздестіріліп жатыр.

XS
SM
MD
LG