Оның сөзіне қарағанда, ашығушылардың жағдайы бірқалыпты, оларды №47 колония дәрігерлері бақылап отыр.
Никсдорф ашығушылардың бірі Асановтың денсаулығы нашарлаған деген ақпаратты жоққа шығарды. 10 ақпанда саясаткерлермен олардың әйелдері кездескен. Бектур Асановтың әйелі Алтын Эркебаева күйеуінің денсаулығы күрт нашарлады деп мәлімдеген.
7 ақпанда қалалық сот алғашқы инстанция үкімін өзгеріссіз қалдырды. 2017 жылы 17 сәуірде Первомай аудандық соты Эрнест Карыбековты 20 жылға, Кубанычбек Кадыров пен Бектур Асановты 12 жылға соттады, Дастан Сарыгулов төрт жылға шартты түрде жазаланған.
Асановтың аштық жариялағанына 13 күн болды, Карыбеков пен Кадыров наразылық акциясын одан бір күн кеш бастаған. Саясаткерлер Мемлекеттік Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысын отставкаға жіберіп, әділетті сот өткізуді талап етті.