Рахмат Акилов жүк көлігін ұрлап, Швеция астанасында жолдан жаяу өткендерді қақты деген айып тағылған. Шабуылдан бес адам қаза болды. Акиловқа террорлық акт жасауға талпыныс жасау және терроризм айыбы тағылған. Іс бойынша үкім маусым айында шығуы мүмкін. Сотта Акилов әрекетінің мотиві анықталады.
Акилов сотта 20 ақпанда сөйлейді деп жоспарланған. Тергеу барысы кезінде ол "Ислам мемлекеті" экстремистік тобының содырларымен байланыста болған деп хабарланған.
ИМ тобы Стокгольдегі шабуыл шауапкершілігін өз мойнына алған жоқ.