Ссылки доступа

Өзбекстанда салық және кеден комитеттерін ауқымды тексеру басталды (аудио)


Өзбекстан Бас прокуратурасының тергеушілері салық және кеден комитеттерін тексере бастады.

Тергеушілер салық комитетінің қызметкерлерімен әңгімелесіп, жеке бөлмеге жиналып мөрленген құжаттардың бірқатарын алған.

Ішкі істер министрлігіндегі дереккөздің хабарлауынша, салық комитеті ғмаратының айналасын қатаң бақылап отыр. Ғимарат маңында сарбаздарды тасуға арналған жүк көліктері тұр.

"31 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік қызметінің басшысы Рустам Иноятовты қызметтен алған соң, салық комитетін басқаратын оның құдасы Батыр Партиевтің басына күн туды", - деді тексерулер туралы алғашқылардың бірі болып хабарлаған журналист Сергей Ежков.

Салық комитетінің бір қызметкерінің мәліметіне қарағанда, өткен аптада басталған тексерулер бірнеше миллиард сумның жетіспейтінін анықтаған (алдын ала мәлімет бойынша, 70 млрд сум (шамамен 8,5 млн доллар). Содан кейін ауқымды тексеру басталды, дейді ол.

Uzmetronom сайтының дерегі бойынша, Бас прокуратура әуелі 30 тергеушісін жіберсе, кейін олардың саны 65-ке жеткен.

Хабарларға қарағанда, салық комитетіндегі тексеру 15 сәуірге дейін жалғасады, оның нәтижелері президентке хабарланады. Дәл осындай тексерулер Өзбекстанның кеден комитетінде де жүріп жатыр. Дереккөз мәліметіне қарағанда, тексеру аяқталған соң кеден комитеті Қаржы министрлігінің қарауына өтуі мүмкін.

(Өзбекстанда жаппай тексеру басталды - аудио)

XS
SM
MD
LG